Әлжеліде қылмыс үстінде ұсталған "педофилдің" қамауда көз жұмғаны туралы мәлімет тарады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атырау облысы полиция департаментінің өкілі Мейірім Ердәулет бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.
"6 желтоқсан күні жасөспірімді зорлауға оқталу кезінде ұсталған күдіктіні қамауда қайтыс болды деген ақпарат шындыққа жанаспайды – жалған. Әлеуметтік желі қолданушыларынан көрінеу жалған ақпарат тарату дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша жауапкершілік көзделгенін хабарлаймыз. Сондай-ақ, аталған фактіге қатысты жалған және заңсыз ақпарат таратқан тұлғаларды анықтау жұмыстары жүргізілуде" деп қысқа қайырды ол.