Авангард-2 шағын ауданында жоғалған 23 жастағы азаматша іздестірілуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
"Атырау қаласы Авангард-2 шағын ауданының тұрғыны 31.07.2001 ж.т Яна Легкодимова 2024 жылы 18 қазан күні сағат 22:00 шамасында үйден шығып, осы уақытқа дейін қайтып оралмаған. Жоғалған қыз баланың бойы 1,60 см. Қазіргі таңда жан-жақты іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Қандай да бір ақпарат білсеңіз 102 нөміріне дереу қоңырау шалуыңызды сұраймыз" делінген облыстық ПД хабарламасында.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ