Ауыл мамандары бар: Атыраудан 9 қызметкер Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылданды

Биыл Атырау облысында 9 мемлекеттік қызметші ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасына оқуға түсті.

Бұл туралы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалының басшысы Азамат Бекіш мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Наурыз айынан бастап Академияның облыстық филиалының қызметкерлері өңірдің барлық ауданында, сондай-ақ басқармалар мен аумақтық департаменттерде Академияның магистратурасына оқуға түсу жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

- Облыс бойынша 102 мемлекеттік қызметші оқуға түсуге ниет білдіріп, admission.apa.kz сайтына тіркелді.

Оның ішінде 74 үміткер құжаттарын талапқа сай рәсімдеп, конкурстық кезеңге жолдама алды. Конкурс нәтижесі 17 тамыз күні жарияланды. Іріктеу қорытындысына сәйкес, 9 үміткер мемлекеттік тапсырыс бойынша алдын ала қабылданды, деді филиал басшысы А. Бекіш.

Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылдық округ әкімінің орынбасары Мерей Ажигереев, облыстық қызмет істері департаментінің бас маманы Назгүл Ахметжанова, Исатай аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Арманбек Махмутов, Жылыой аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Алибек Науаров, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді Саламат, облыстық Қаржы басқармасының бөлім басшысы Азамат Салимбаев, Исатай аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрберген Өтегенов, Жылыой аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Қазбек Ағыраев және Атырау қалалық қаржы бөлімінің меңгерушісі Меиржан Мукасов магистратураға түсті.

Академияға 2020 жылы 8 мемлекеттік қызметші, былтыр 7 мемлекеттік қызметші оқуға қабылданған.

Фото: ашық дереккөзден