Ауладағы қарды көшеге төккен атыраулықтар айыппұл төлей ме?

Қарды белгіленбеген орынға үйгендер әзірге айыппұл төлемейді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи мәлім етті. Оның сөзінше, 14 сантиметр қар жауғанымен, желдің әсерінен кей жерлерде 60 см үйінділер пайда болуда. Қазір қаланы қардан тазарту жұмыстары жалғасуда. Оған 250 жұмысшы мен 76 техника жұмылдырылған.

«Ең алдымен қозғалысы көп көшелер, денсаулық және білім беру мекемелерінің аумағы, көпірлер тазалануда. Ал, жолдарға арнайы көктайғаққа қарсы материалдар себілуде. «Арнаулы автобаза» қызметкерлері күні-түні жұмыс жасауда. Сондай-ақ, жекелеген ірі компаниялардың арнайы техникалары да жұмылдырылған. Кеше 28 ірі көше тазартылған еді, бірақ ол жерде қайтадан қар үйінділері пайда болды. Сондықтан техника сол жерге қайта жіберуге тура келді. Қазір жеке сектор тұрғындары ауладағы қарды көшеге шығаруда. Біз қарсы болып жатқан жоқпыз. Қар техникамен қала сыртына төгіліп жатыр» дейді М.Жоламанұлы.