Атыраулықтардың мүлік салығы бойынша қарызы 200 миллион теңгені құрайды

Бұл туралы Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Нұралхан Көшеров мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Салық заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, 1 қаңтардан бастап жеке тұлғаларға тиесілі жер учаскелері мен жылжымайтын мүлік бойынша салықтар жеке тұлғалардың бірыңғай салығына біріктірілді. Осыған байланысты, салықтың есептелген сомасы жылжымайтын мүлік пен жер учаскесі бойынша міндеттемелерді қамтиды және бірыңғай сомамен төленеді.


- Алдымен жеке тұлғаларға салық берешегі туралы хабарлама жолданады. 30 жұмыс күн ішінде хабарлама орындалмаған жағдайда борышкердің ісі салық кодексінің 128-бабына сәйкес жеке сот орындаушыларына жолданады, деді Н.Көшеров.


Айта кетейік, Атырауда жыл басынан бері 45991 тұлға 200 миллион теңгені құрайтын мүлік салығын төлемеген.

Өңірде мүлік салығын төлеу мерзімі 1 қазанда аяқталады