Алаяқ атыраулықтарды жеңілдікпен массаж жасаймын деп алдап келген.
Instagram әлеуметтік желісінде lepkatela_kz парақшасын ашып, өзін Әсем деп таныстырған алаяқ 1994 жылы туған атыраулық тұрғынға жеңілдікпен емдік массаж жасалатынын айтып, 45 мың теңгесін банк есепшотына аударуын сұраған.
"1988 жылы туған күдікті жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында Астана қаласында ұсталды. Алаяқтың тағы да осындай 3 қылмысқа қатысы бары анықталды" делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.