Атыраулықтар мәдени шаралар бағдарламасын жасақтауға атсалыспақ

Атырау облысының әкімдігі 2023 жылғы мәдени іс-шаралар бағдарламасын тұрғындармен бірге жасамақ, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы өңір тұрғындарын алдағы 2023 жылға арналған мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу жоспарын бірлесіп жасауға шақырды.

"Тұрғындарды өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге, Қазақстан мен Атырау облысының тарихын зерделеуге, сондай-ақ қоғамдағы ұлтаралық келісім мен әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға бағытталған мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша өз идеяларын, ұсыныстары мен ескертулерін айтуға шақырамыз" делінген хабарламада.

Ұсыныстарды мына электрондық мекен-жайға жіберуге болады: b.amirova@atyrau.gov.kz (немесе сілтеме бойынша: https://u.to/9N16HA).

Фото: облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі