Бұл туралы «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
Ең қымбат нөмірді атыраулықтар 983 мың 250 теңгеге сатып алған. Мұнан соң 786 мың 600, 472 мың 650 және 196 мың 650 теңгеге қымбат VIP-нөмірлер саудаға шығарылған.
Атырау облысының тұрғындары 2022 жыл бойынша 241 307 788 теңгеге VIP-нөмірлер сатып алған. Осы уақыт аралығында саны мен әрпі үйлесімді 856 мемлекеттік тіркеу белгісі бар нөмір рәсімделді.
Былтырғы көрсеткішпен салыстыратын болсақ, 2021 жыл бойынша жалпы сомасы 249 335 283 теңгеге 961 VIP-нөмір сатып алынды.
2023 жылы АЕК өсуіне байланысты жоғары сұранысқа ие нөмірлік белгілер құны 196 650-ден бастап 983 250 теңгеге дейін сандық және әріптік сәйкестікке байланысты өзгереді, ал мемлекеттік нөмірлік тіркеу таңбалары 9 мың 660 теңгені құрайды.