Атыраулықтар ауызсудың ластанғанына шағымдануда

Мұнайлы мекен тұрғындары ауызсудан жағымсыз иіс пен дәм шығады деп шағымдануда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Ал, әлеуметтік желілерде Жайықтың суын тазалу кезінде химиялық қоспалардың шамадан тыс қосылып жатқаны жөнінде әңгімелер желдей есуде. Біз мәселенің мән-жайын «Атырау облысы Су арнасы» кәсіпорнынан білдік.

«Тазалау жұмыстары бұрынғы режимде жүріп жатыр. Соңғы кездері Жайық өзенінен алынатын судың сапасының нашарлауына байланысты тазарту барысында реагент көбірек пайдаланылатын болды. Бірақ, көлемі рұқсат етілген нормадан асқан жоқ. Зертханада судың сапасы сағат сайын тексеріледі. Дезинфекциялық реагенттерді нормадан асыру дерегі тіркелген жоқ» деп жауап берді аталған мекеменің баспасөз қызметі.