22 Қазан, 2022 141

Атыраулықтар астаналықтардан Республика күніне орай ұйымдастырылған эстафетаны қабылдады

 Атыраулықтар астаналықтардан  Республика күніне орай ұйымдастырылған эстафетаны қабылдады

Атыраулықтар Республика күніне орай ұйымдастырылған «Қыран елім – Қазақстаным!» акциясына қатысты. Олар «Қазақстан – Республикам менің» өлеңін оқып, эстафетаны астаналықтардан қабылды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Атырау спортшылары «Қыран елім – Қазақстаным!» патриоттық акциясын қолдау мақсатында бұл челленджді Маңғыстау облысының спортшыларына жолдайды. Спортшыларымыз көк байрағымызды желбірете берсін, деді Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Данияр Юсупов.


Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты – патриоттық сезімді нығайту, халықтың бірлігін спорттық аренада да көрсету, еліміздің осы саладағы жетістіктерін атап өту.

Желідегі жеке парақшада #РеспубликаКүні, #ДеньРеспублики хэштегтерімен бейнероликтер жариялау арқылы патриоттық акцияға кез келген адам қосыла алады.

«Қыран елім – Қазақстаным!» патриоттық акциясы қазан айының соңына дейін жалғасады.