Атыраулық Зарина Нұрғалиева шахматтан әлем чемпионы атанып, елге оралды

Қазақстанның жас шахматшысы Зарина Нұрғалиева Румынияда өткен 14 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ATPress.kz.
Бұл туралы Facebook-те Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов жазды.
Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 14, 16 және 18 жасқа дейінгі жас санаттар бойынша бейресми медальдық есепте әлемнің 72 елінің арасында екінші орынға орнықты.
- Балалар мен жасөспірімдер құрамасының жаттықтырушылары Евгений Владимиров пен Антон Филипповты және спортшылардың жеке жаттықтырушыларын тамаша нәтижемен құттықтаймын! – деді Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов.