16 Қаңтар, 2023 448

Атыраулық тұрғынның әжетханасынан заңсыз өнімдер табылды

 Атыраулық тұрғынның әжетханасынан заңсыз өнімдер табылды

Атыраулық полицейлер пәтер ішінде заңсыз бал өнімдерін дайындаған тұлғаны анықтады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

15 қаңтар күні Атырау қалалық полиция басқармасының №2 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлеріне Орталық ықшамауданындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен жағымсыз иіс шығатыны туралы аяқтай хабарлама келіп түскен. Аталған факті бойынша учаскелік полиция қызметкерлері келіп, пәтер ішін тексеру барысында Алматы облысының 1988 жылы туған тұрғыны заңсыз бал өнімдерін жасап сауда орындарына сатып жүргендігін анықтаған. Яғни, 35 жастағы азаматтың жалдамалы пәтер ішінде санитарлық талаптарды сақтамай пәтердің едені мен жуынатын бөлмесінде бал өнімдерін дайындап және бұл кәсіппен тиісті кәсіпкерлік рұқсат құжаттарсыз айналысып жатқандығы белгілі болды.

Аталған оқиға бойынша тиісті іс-құжаттар жинақталып, Атырау қаласының санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау басқармасы мен Мемлекеттік кірістер басқармасына жолданды.