Атыраулық тұрғыннан 137 мың теңгесін тартып алды

Атырауда патрульдік полиция қызметкерлері ізін суытпай 242 қылмысты ашқан, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Қоғамның қауіпсіздігі мен тұрғындар тыныштығын қамтамасыз ету бағытында жұртшылықпен тығыз қарым-қатынаста қызмет ететін бөліністердің бірі - патрульдік полиция қызметі. Атырау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жыл басталған 19 күннің өзінде ізін суытпай 9 қылмысқа күдіктілерді анықтап, ұстаған. Олардың арасында, ұрлық, алаяқтық, есірткі тасымалдау, заңсыз қару тасымалдау және бұзақылық фактілері бар. Мысалы, 11 қаңтар күні сағат 19:20 шамасында 1976 жылы туған қала аумағындағы кафелердің бірінің алдында 137 мың теңге ақшасын тартып алғандығы туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына дереу жеткен патрульдік полиция қызметкерлері 1984 жылы туған күдіктіні қылмыстың ізін суытпай анықтап ұстап, жедел-тергеу тобына тапсырған.
Өткен жылы атыраулық патрульдік полиция батальонының қызметкерлері өздеріне бекітілген аумақта ізін суытпай 242 қылмысқа күдіктілерді қылмыс ізін суытпай анықтап, жедел-тергеу тобына тапсырған. Аталған, фактілер арасында өткен жылы республика көлемінде резонанс тудырған өзгенің көлігін заңсыз айдап әкетіп көлік ішіндегі жасөспірімді зорлауға оқталған күдіктіні ұстау және қала аумағында есірткі сайттарын жарнамалайтын граффити салып жүрген күдіктілерді әшкерелеу деректері бар.
Фото: иллюстратив