Бұл туралы ATPress.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Ол 1 ақпан күні Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 желісіне хабарласып, Авангард мөлтек ауданында орналасқан үйлердің бірінде белгісіз адамды өлтіріп алғандығын айтқан.
Аталған хабарламаны тексеру кезінде 1989 жылы туған әлгі азаматтың полицияға жалған хабар бергені белгілі болды.
«Наркологиялық сараптаманың қорытындысымен аталған азаматтың орта дәрежедегі мас күйде екендігі анықталды. 33 жастағы азамат өзінің ішімдік ішкендіктен осындай әрекетке барғандығын айтып, кінәсін мойындады. Оған қатысты әкімшілік хаттама жасақталып, 91 890 теңге көлемінде айыппұл салынды» делінген хабарламада.
Айта кетейік, департаменттің мәліметінше, 2021 жылы полиция қызметкерлеріне жалған хабарлама берген 60-қа жуық адам, биыл дәл осындай 3 азамат әкімшілік жауапкепшілікке тартылып отыр.