Атыраулық студенттер «Айбыннан» жүлделі оралды

Республикалық "Айбын" әскери-патриоттық жастар жиынында колледж студенттері жүлдеге ие болды.
Қарағанды облысындағы Спасск әскери полигонында өткен республикалық "Айбын VIII" әскери-патриоттық жастар жиынына қатысу үшін Атырау қаласы бойынша Батыс өңірлік қолбасшылығы атынан "Батыс" әскери-патриоттық клубы және "Х.Доспанова" әскери-патриоттық клубы қатысып қайтты. Атырау политехникалық жоғары колледжінің 2 курс студенті Ақбисен Бекзат пен 1 курс студенті Даулеш Диас осы екі команда құрамында өнер көрсетті.
Бір жұмаға созылған жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен келген 600-ге жуық жас сарбаз катысып, 12 түрлі сайыс бойынша бақ сынады.
"Батыс" командасының мүшесі, 2 курс студенті Ақбисен Бекзат "Smart Sarbaz" өнертапқыш байқауы бойынша жүлделі ІII-орынға ие болды.
Ал "Х.Доспанова" командасының мүшесі, 1 курс студенті Даулеш Диас әскери эстафетадан жүлделі 2 орын алды.
VIII Республикалық "Айбын" әскери-патриоттық жастар жиыны Қарағанды облысындағы оқу орталығының базасында өтті. Іс-шара Балалар жылына және Қазақстан Қарулы күштерінің 30 жылдығына арналды.