Атыраулық спортшылар Азия чемпионатында 5 медаль жеңіп алды

11-14 қараша күндері Ресейдің Казань қаласында 17 елден 200-ге жуық спортшының қатысуымен қоян-қолтық ұрыстан Азия чемпионаты өтті.

Сайыс "өзін-өзі қоғау" және "жекпе-жек" бөлімдері бойынша өтті. Хайдар Есенғалиев бастаған Атырау облысының спортшылары 3 күміс және 3 қола жүлдеге ие болды.

  "Жекпе-жек" бөлімі бойынша әйелдер арасында Саматова Гүльбану күміс жүлдеге ие болса, Шантасов Мирас пен Шакишов Ерлан қола жүлделер жеңіп алды. "Өзін-өзі қоғау" бөлімінде Сейтов Алихан мен Насихатов Бек үздік үштіктен көрінді. Облыс аға бапкері Хайдар Есенғалиев та құрлық чемпионатында бақ сынап, қола медаль жеңіп алды.