Атыраулық шаруаларға жарты миллиард теңге бөлінген

Былтыр Атырауда 500 миллион теңгеге 45 ауыл кәсіпкерінің жобалары қаржыландырылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Облыстық кәсіпкер және туризм басқармасының басшысы Нұрбол Жаңабековтің айтуынша, өңірде қабылданған «Бизнес-өңір» бағдарламасы өз жемісін беруде.

«Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін былтыр жергілікті қазынадан 500 млн теңге бөлінді. Оған алыс ауылдағы 45 кәсіпкердің жобасы қаржыландырылды. Міне, осындай қаржылық мүмкіндіктер туралы ауыл шаруашылығымен айналысып жүрген мыңдаған кәсіп иелеріне айтудан кенде емеспіз. Бүгінде мемлекеттік және жергілікті бағдаралмалардың бизнесмендерге көмегі көп» дейді басқарма басшысы.

Сондай-ақ, кәсіпкерлерлік палатасының филиалы арқылы да өткен жылы мыңға жуық қызмет көрсетілген.

Суретті түсірген: автор