Атыраулық қос боксшы Азия чемпионатынан жеңіспен оралды

Атыраулық қос боксшы Азия чемпионатынан жеңіспен оралды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Тайланд елінің астанасы Бангкок қаласында 16-26 қаңтар аралағында бокстан 22 жасқа дейінгі жастар арасында Азия чемпионаты өтті. Тартысты додаға 20 елден келген мықты спортшылар қатысты. Қыздар арасында 66 келі салмақта Ақнар Ищанова және ерлер арасында 92 келі салмақта Аманат Сабырғали қола жүлдеге ие болды.

- Оқу-жаттығу жиыны ұлттық құрама командасымен 3-15 қаңтар аралағында Алма Тау базасында өткен. Бұл чемпионатта жартылай финалға жетіп, 3-орынға ие болдық. Осы жылдың басталуымен жақсы жетістікке жетіп жатырмыз. Алдағы уақытта бұдан да үлкен жеңіске жетеміз деген ойдамын,- деді аға жаттықтырушы Ерлан Сахипов.

Айта кетейік Қазақстан құрама командасы аталған сайыста 5 алтын, 3 күміс және 12 қола жүлдеге ие болып, командалық 2 орынға ие болып отыр.