Атырау облыстық полиция департаменті әлеуметтік желіде бейнежазба жариялады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
"Соңғы уақытта облыс көлемінде жол-көлік оқиғалары жиілеп, соның салдарынан жыл басынан 14 адам көз жұмып, әр түрлі дене жарақаттарын алуда. Оның басты себептері жылдамдық режимін сақтамау, маневр жасау ережелерін бұзу, қарсы жолаққа шығып кету және жаяу жүргіншілерді жолдан өткізбей, қағып кетуі. Алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқарған адамдар жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзып, адамдарға орта, ауыр және адамдардың қаза болу деректері орын алса, ҚР ҚК-нің 345-1 бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар, көлік құралын жүргізуші куәлігінен айырыла отырып, Алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде рөлге ҚР ҚК-нің 346-бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының үндеуінде айтылғандай Алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде көлік құралын тізгіндесе, қоғамнан оқшауландырып қамауға алынатынын ескертеміз. Сондықтан, Өзіңіздің және отбасыңыздың қауіпсіздігі үшін ішімдік ішіп көлік жүргізуге жол бермеңіз" делінген жазбада.