Атыраулық полицейлер шұғыл мәлімдеме жасады

Атырауда ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

"Облыс аумағында ауа температурасының -20 градусқа дейін төмендеуі күтілуде. Сол себептен жүргізушлерден қозғалыс кезінде қауіпсіздік сақтауын сұраймыз! Тежеу жолының ұзаратындығын қаперде ұстаңыз. Мүмкіндігінше алыс сапардан бас тартқан жөн. Елді мекендер арасында жаяу жүрмеу қажет. Сондай-ақ тасжолдарда қозғалыс шектелуі мүмкін. СМС-хабарлама арқылы жолданатын Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратын назарда ұстаңыздар!" делінген облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің хабарламасында.