Атыраулық полицейлер мұз үстінде көлікпен жүрген азаматты анықтады

Атырау қаласы аумағында Жайық өзенінің бетіне мұз қатып тұрғалы қауіпсіздік шараларын сақтамай мұз үстімен автокөлікпен жүретін тұлғалар қатары көбейген.

Мәселен, 24 желтоқсан күні Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол ережесін өрескел бұзған Атырау қаласы Дамбы ауылы тұсындағы Жайық өзені үстінде көлік құралдарымен жүргендері анықталып, жүргізуші иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 620 бабымен (Жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу) хаттама жасақталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Айта кетейік, мұз жолдарда, күртік қардың астында, жағалауларда, жарқабақтарда, өзендер мен жылғалардың құйылысында жұқа болғандықтан, көліктің салмағын көтермейді.


Осыған сәйкес Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары назарына мұз үстінде салмағы ауыр автокөлік құралдарымен жүруге болмайтыны жөнінде ескертіледі.