Атыраулық полицейлер интернет-алаяқтардан сақ болуға шақырады

Жыл басынан бері облыс көлемінде 256 интернет-алаяқтық қылмыс тіркелді. Бұл көрсеткіш былтырғы жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 36,9 пайызға төмендеген.

Жалпы, Жергілікті полиция қызметкерлері мен Криминалдық полиция қызметкерлері бірлесіп, интернет алаяқтықтар мен интернет ұрлықтардың алдын алу профилактикалық іс-шараларын өткізіп, қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, арнайы брошюраларды тарату, интернет-алаяқтықтан сақ болу жөнінде арнайы түрде аудио-видео жазбаларын жасақтап, адамдар көп жиналатын жерлерде, базарларда, сауда орталықтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарына таратуға, теле-радио каналдарға арнайы сұхбат беру, брифингтер өткізу, интернет желілеріне мәліметтер жариялау жұмыстарын ұйымдастырылып, жүргізілуде.

Сондай-ақ, Криминалдық полиция қызметкерлерімен профилактикалық шаралар бойынша алгоритм жасақталып, уәкілетті органдардың қатысуымен арнайы жұмыс тобын құру жоспарлы түрде жүзеге асырылуда.

Интернеттегі алаяқтық туралы қайда хабарлау керектігін көбіне азаматтар білмейді. БАҚ-та және танымал электрондық ресурстарда халықты алдаудың қолданыстағы тәсілдері туралы ақпарат үнемі жарияланып отыратынына қарамастан, құқық қорғау органдары күн сайын алаяқтыққа қатысты жосықсыз іс-әрекеттердің жүздеген жағдайларын тіркейді.

Егер сіз желі аясында алаяқтардың іс-әрекетіне тап болсаңыз, бұл жағдай кезінде қайда, кімнің көмегіне жүгінуге болады?  Бірінші кезекте жәбірленуші тұрғылықты жері бойынша орналасқан полиция бөлімшесіне өтініш беруі керек. Ішкі істер органдары интернет-алаяқтық фактілері бойынша өтініштермен жұмыс істеу өкілеттіктеріне ие.

Өтініште мыналарды көрсету керек:

- Өтініш берушінің Т.А.Ә.,  төлқұжат деректері, тіркелген мекенжайы, байланыс телефоны;

- Болған оқиғаны сипаттау: алаяқтық әрекеттердің жасалған күні, уақыты, орны, сондай-ақ жәбірленушіні алдауға әкеліп соққан әрекеттер;

- Өтініш жасалған күн және өтініш берушінің қолы болуы керек- дейді Атырау ОПД КПБ аға жедел уәкілі полиция подполковнигі A.Нурманов.

 

 

Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі