Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
9 қаңтар күні Атырау облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 1 келіге жуық синтетикалық есірткі заттарын сақтаған Қырғызстан Республикасының 2000 ж.т. және 2002 ж.т. азаматтарын анықтап, ұстады.
Күдіктілердің айтуынша олар есірткі затын такси арқылы Шымкент қаласынан тасымалдап әкеліп, интернет арқылы сатпақ болған.
Қазіргі уақытта күдіктілер ұсталып, қамалды. Қажетті сот сараптамасы тағайындалды.
Аталған дерек бойынша ҚК-тің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.