Атыраулық полицейлер діни тұрғыдағы 43 құқық бұзушылық фактісін анықтады

Бұл туралы Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жыл басынан бері Атырау облысы Полиция департаменті  облыс бойынша Дін істер басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, әлеуметтік желілерде заңсыз діни материалдардың таралуының алдын алу мақсатында мониторинг жұмыстарын жүргізді. Соның барысында барлығы 43 діни саладағы әкімшілік құқықбұзушылықтарды анықтады.
 
Анықталған әкімшілік құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 453 (БАҚ құралдарының өнімін, сол сияқты өзге де өнімді ҚР аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату фактісі) және 490 (ҚР діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу) баптары бойынша әкмішілік хаттамалар толтырылды. Жинақталған іс-құжат Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына жолданып, оларға қатысты соттың шешімімен барлығы 1млн-нан астам теңге мөлшерінде айыппұл салынған.