Атыраулық полицейлер Азия чемпионатында топ жарды

Атыраулық полицейлер қоян қолтық ұрыстан өткен Азия чемпионатынан олжалы оралды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

9-15 қараша күндері Ресей Федерациясының Казань қаласында өткен қоян қолтық ұрыстың Азия чемпионатында бақ сынаған атыраулық спортшылар олжалы оралды. Азияның 15 елінен келген 180 спортшы Казань қаласындағы "АкБарс" жекпе-жек спорт сарайында өзара бақ сынады. Чемпионат нәтижесі бойынша Атыраудан барған 6 спортшы жүлделі орындарды қанжығалады. 73 келі салмақта Алихан Сейтов, 64 келі салмақта Гүлбану Саматова, 88 келі салмақта Бек Насихатов - Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. 97 келі салмақта Хайдар Есенғалиев, Ерлан Шакишев, Мирас Шантасов - Азия чемпионатының қола жүлдесін қанжығалады. 

Айта кетейік, қоян қолтық ұрыстан өткен Азия чемпионатында жүлделі оралған жеңімпаздар "Динамо" дене-шынықтыру және спорт қоғамы қоғамдық бірлестігінің Атырау облысы бойынша филиалының спортшылары және Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері.