Атыраулық полицейлер 9-10 кыркүйек күндері «Жолда қабылдау» республикалық акциясын өткізеді

Акцияның негізгі мақсаты - полиция бөлімшелері қызметінің түрлі мәселелері бойынша қызықтырған сауалдарына жауап ала алады, деп хабарлайды ATPress.kz.

Акция кезінде полиция бөлімшелері қызметінің түрлі мәселелері бойынша, оның ішінде автокөлікті тіркеу, жүргізуші куәліктерін, паспорттар мен жеке куәліктерді беру, көлік құралдарын қайта жабдықтау, жол жүрісін ұйымдастыру, әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін айыппұл төлеу бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ақпарат алуға болады.

«Жолда қабылдау» акциясының ерекшелігі, мұнда кез-келген тұрғын келіп құзырлы орган өкілдеріне көкейкесті сауалдарын қоюға мүмкіндіктері бар.

Ол үшін 9-10 қыркүйек күндері 08:30-18:30 аралығында Атырау қаласы "Авангард" шағынауданындағы соңғы аялдамаға келу қажет.

 

Фото ашық дереккөздерден алынды.