30 Қаңтар, 2023 126

Атыраулық полицейлер 300 келіге жуық заңсыз балық тасымалдаушыны ұстады (видео)

 Атыраулық полицейлер 300 келіге жуық заңсыз балық тасымалдаушыны ұстады (видео)

Бұл туралы AtyrauPress облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тәртіп сақшылары облыс аумағында өтіп жатқан «Қауіпсіз дөңгелек» іс-шарасы барысында заңсыз түрде балық тасымалдамақ болған 40 жастағы ер азаматты 26 қаңтар күні түнде ұстады. Атырау облысы ПД жанындағы патурльдік полиция ротасының қызметкерлері оның көлігін Атырау-Астрахань тасжолының Қара өзек елдімекені тұсында тоқтатты.

Автокөлікті тексеру кезінде жүк салғышынан жалпы салмағы 255 келі болатын балықтар анықталып, тәркіленді. Атап айтқанда, көлік ішінен 24 келі шортан, 24 келі сыла, 5 келі жайын және 202 келі сазан табылды.

Аталған дерек бойынша автокөлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 389 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сурет ашық дереккөздерден алынды.