Атыраулық полицейлер 300-ден астам заңсыз пәтер иелерін анықтады

1 қазан мен 1 қараша аралығында облыс аумағында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Іс-шара барысында қала, аудандарда 55340 үй, 1023 жалдамалы тұрғын үйлер, 952 қыстақтар мен шаруа қожалықтары тексерілді. Оның ішінде, 313 заңсыз жалдамалы пәтерлер мен үйлер анықталып, мемлекеттік кірістер органдарына ақпараттар жолданды.

Аталған жалдамалы үйлерде уақытша тұрып жатқан 563 пәтер жалдаушылардан сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жасөспірімдермен және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтарды алдын-алу мақсатында жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде, 158 жасөспірім анықталды. Оның ішінде: - алкогольдік ішімдік ішкен-1 жасөспірім; - қараусыз қалдырылған-4 жасөспірім; - басқа құқық бұзушылықтар жасаған-131 жасөспірім ұсталған.

Ішкі істер органдарының профилатикалық және тізімдік есебінде тұрған 2604 тұлға мекен-жайларынан тексеріліп, профилактикалық сұхбаттар жүргізіліп, тұрғылықты жері бойынша 2646 азаматтық қару иелері тексерілді. ЖПІШ барысында шетел азаматтарын қабылдайтын адамдардың тарапынан ІІО хабарламаудың 372 фактісі анықталып, олар Әкімшілік кодекстің 518 бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жалпы одан басқа, іс-шара кезінде 2726 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. - ҚР ӘҚБтК 517-519 бабы бойынша шетел азаматтарымен ҚР аумағында көші-қон ережелерін бұзған-478 тұлға; - ӘҚБтК 492 бабы бойынша тіркеусіз тұрған-180 тұлға; - басқа құқық бұзушылықтар үшін-1682 тұлға тіркелді. Әртүрлі негіздер бойынша полиция органдарына 1113 адам жеткізіліп, 1113-нен саусақ іздері алынып, фото-видео есебіне қойылды.