Атыраулық полицейлер 2 күнде 10-ға жуық мас жүргізушіні анықтады

Биыл 15-16 қазан, яғни демалыс күндері Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері мас күйде көлік басқарған 8 жүргізушіні анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Мысалы, 16 қазан күні сағат 22:10 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері Өркен ауылы 34 көше бойында Ваз маркалы автокөлік құралын тоқтатып, тексеру барысында 2000 ж.т. жүргізушісінен ішімдіктің иісін байқаған.


Медициналық сараптаманың корытындысымен оның жеңіл дәрежедегі мас күйде екендігі анықталған. Автокөлік арнаулы тұраққа қойылып, аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 6-бөлімімен әкімшілік хаттама жасақталып, сот шешімімен 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Одан басқа, 17 қазан күні сағат 04:36 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері Еркінов көшесі бойында  Ваз маркалы автокөлік құралын тоқтатып тексеру барысында 1983ж.т. жүргізушісінен ішімдіктің иісін байқаған.


Медициналық сараптаманың корытындысымен оның жеңіл дәрежедегі мас күйде екендігі анықталған. Автокөлік арнаулы тұраққа қойылып, аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабы 1-бөлімімен әкімшілік хаттама жасақталып, сот шешімімен 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

 

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.