Атыраулық полицей жоғалған телефонды тауып берді

Қала тұрғыны ұялы телефонын тауып берген тәртіп сақшысына алғысын білдірді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

23 желтоқсан күні 1988 ж.т. азаматша өзіне тиесілі маркасы Iphone 11 ұялы телефонын белгісіз жағдайда жоғалтып алуына байланысты №14 учаскелік полиция пунктіне келіп тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінген. 34 жастағы қала тұрғынының арызы негізінде полиция қызметкері Аслан Аманғалиев жедел-іздестіру шарасын жүргізе отырып, жоғалған ұялы телефонды Самал көшелері бірінен тауып, иесіне қайтарып берді. Атыраулық полицейлердің жедел әрекеті мен кәсібилігіне риза болған қала тұрғыны ризашылығын бейнежазбасында білдіріп, алғыс айтты. Осы ретте, полиция қызметкерлері тұрғындарға жеке мүліктеріне сақ болуды ескертеді.