Департамент бастығы полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев қоян- қолтық ұрыстан өткен ел біріншілігінде чемпион атанған полиция кіші лейтенанты Аида Хайруллинаны құттықтады. Наурыз айының аяғында Петропавл қаласында жастар арасындағы қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен болатын. Республиканың барлық аймағынан 300-ге жуық спортшы қатысқан байрақты бәсекеде Атырау облысы Полиция департаментінен полиция кіші лейтенанты Аида Хайруллина 64-келі салмақ дәрежесі бойынша сынға түсіп, жүлделі 1-ші орынды иеленіп, жеңімпаз атанды. Ол енді Өзбекстан Республикасы Бұхара қаласында өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады. Айта кетейік, ол — муай-тай спорт түрінен ҚР спорт шебері.