Атыраулық парадзюдошы Гран При сайысының жеңімпазы атанды

Атыраулық парадзюдошы Аманжол Жанбота Гран При сайысының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 22-24 сәуірде Түркияның Анталия қаласында парадзюдодан Гран При сайысы өткен. «Әлемнің 19 елінің парадзюдошылары бақ сынаған сайыста Қазақстан ұлттық құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлдемен жалпы командалық есепте үшінші орынға ие болды. Аталған сайыста J2 санатында 90 келі салмақта атыраулық Аманжол Жанбота Гран При сайысының жеңімпазы атанды. Ол ақтық сында тағы бір атыраулық спортшы Ғалымжан Смағұлұлын ұтты», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

 Белгілі бапкерлер Жандос Қиянов пен Наран Ешібаев жаттықтыратын парадзюдошылар былтыр Токиода өткен паралимпиадаға қатысқан болатын. Еске сала кетелік, өткен жылы атыраулық парадзюдошылар бұдан бұрын Паралимпиада қазақстандық дзюдошы Әнуар Сариев, одан соң Дәулет Теміржан, кейін Зарина Байбатина күміс жүлдегер атанған еді.