Математикадан жасөспірімдер арасында өткен халықаралық Балқан олимпиадасынан (JBMO) Қазақстан құрамасы 5 орынды иеленді.
Атырау облыстық "Білім-Инновация" лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Умбеткали Мансурдың Ұлттық команда құрамында болатын.
Мансур өзіне артқан үміт пен сенімді ақтады. Ол олимпиадада теориялық турдың тапсырмаларын ойдағыдай орындап, күміс медаль иегері атанды.
6 оқушыдан жасақталған еліміздің ұлттық құрама командасының нәтижесімен таныс болыңыздар. Қоржында 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль.
Айта кетейік, олимпиада 28 маусым мен 3 шілде аралығында Босния және Герцеговина елінің астанасы Сараево қаласында өткен болатын.
Олимпиадаға Албания, Босния және Герцеговина, Болгария, Кипр, Македония, Греция, Қазақстан,Молдова Республикасы, Черногория Республикасы, Румыния, Түркия, Сауд Арабиясы, Сербия сияқты Балқан түбегінің елдерінен 81 оқушы қатысты.