Атыраулық оқушы "Жас батыр" аталымын жеңіп алды!

Астанада Балалар жылы аясында жас патриоттар форумы өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
«Бүгін біз оқуда, спортта, өнерде және басқа да салаларда ерекше көзге түскен жас патриоттарды марапаттай отырып, балалар жылын қорытындылаймыз. Сіздердің әрқайсыларыңыз еліміздің мақтанышы және болашағысыздар. Мемлекет балалардың шығармашылық әлеуетін дамытып, зияткерлік мүмкіндіктерін іске асыру үшін барынша қолайлы жағдай жасап жатыр. Сіздерге толағай табыстар тілеймін» деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.