Атыраулық 6 жасар Раяна Кубышева туғаннан оттегі аппаратына тәуелді. Бүлдіршінді ата-анасы сол үшін ауруханаға жиі әкеледі.
Бүгін құны 500 мың теңге көлеміндегі аппаратты «Артель Инжиниринг» компаниясы бүлдіршінге сыйға тартты. Ресей елінен шыққан бұл өнімді 5 жылға дейін пайдалануға болады.
Бұл туралы Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
- Біздің компания облыстық денсаулық басқармасымен бірлесіп қайырымдылық жобаларын атқарып келеді. Бүгін оттегі аппаратына мұқтаж 6 жасар бүлдіршінге сый жасадық. Әрине мұндай қымбат құрылғыны алуға бәрінің жағдайы жетпейді. Оған қоса ауруханаға жиі қатынау да қиындық тудырады. Осындай қайырымдылық шараларын алдағы уақытта тағы жалғастырамыз, деді «Артель Инжиниринг» компаниясының коммерциялық бөлім басшысы Алёна Сергеева.
Науқас бүлдіршінге көмек қолын созған компания басшылығына аурухана ұжымы да алғыс білдірді.