Бұл сұраққа «Samruk-Kazyna Trust» қорының өкілдері атыраулық КЕҰ мүшелерімен кездесуінде жауап берді. «Samruk-Kazyna Trust» қоры Қазақстанның қайырымдылық саласындағы ірі донорларының бірі бола отырып, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан еліміздің барлық өңірінде жобаларды жүзеге асырады. Осы орайда «Samruk-Kazyna Trust» өңірлерде көбірек жобаларды іске асыруды және бұл бағытта жергілікті азаматтық сектор өкілдерімен ынтымақтастықты жолға қоюды мақсат етіп отыр. КЕҰ қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге қауқарлы өз жобаларын бастама етіп көтере алса, қор өз кезегінде орнықты, жүйелі және барынша көп адамды қамти отырып, пайдалы болатын жобаларды қолдауға дайын. Кездесуге қатысқан ҮЕҰ өкілдері өздерінде бар жобалар туралы айтып бергеннен тыс, өңірлеріндегі қордың қызметі мен жобаларына қызығушылық танытты. Бұл қаражатқа қор: * Атырауда, Исатай, Қызылқоға, Мақат, Жылыой және Құрманғазы аудандарында 8 әмбебап алаң орнатты. Аумағы 1 200 шаршы метрден асатын әрбір алаң Workout элементі бар футбол алаңынан, балалар мен спорт аймағынан тұрады; * мұнай-газ саласының 27 ардагеріне қолдау көрсетті; * пандемия кезінде облыстың медициналық мекемелеріне 4 Damas санитарлық машинасын, 3 өкпені жасанды желдету аппаратын, оттегі концентраторлары мен пульсоксиметрлер жеткізді; * «Б. Нысанбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ жанынан инклюзияны қолдау кабинетін ашты; Қазір қор өңірді дамыту бойынша жаңа бастамаларға ашық екенін мәлімдейді. Өтінімді қалай беру туралы барлық ақпарат сайтта, «Серіктес болу» бөлімінде қолжетімді: www.sk-trust.kz. Сондай-ақ қорда call-орталық жұмыс істейді: +7 (7172) 57-68-98. Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының +7 (7172) 24 80 15, + 7 (702) 531 94 11 >