Атыраулық кикбоксшылар ел қоржынына екі медаль салды

Италияның Лидо ди Езоло қаласында 30 қыркүйек пен 9 қазан аралағында  кикбокстан жастар және кадеттер арасында әлем чемпионаты өтті. Додаға қатысқан атыраулық спортшылар жүлдемен оралды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жарысқа әлемнің 63 елінен 735 спортшы қатысты. Аталған чемпионатта Қазақстан құрамасы 9 алтын, 19 күміс және 23 қола медаль иеленді. Жасөспірімдер құрамы 4 алтын, 4 күміс және 10 қолаға ие болса, жастар құрамы 5 алтын, 15 күміс және 13 қолаға қол жеткізді.
Өңіріміздің спортшылары ел қоржынына екі қола жүлде салды. Олар 57 келі салмақта «фулл контакт» бойынша Айбек Шамболов пен 51 келі салмақта K-1 нұсқасы бойынша Төрехан Алексей.  


- Жарыс жоғары денгейде өтті. Спортшыларымыз тамыз айынан Атырау қаласында және қыркүйек айының 14-28 аралығында Түркістан облысы Төле би ауданы Айнабұлақ спортбазасында Қазақстан құрама командаларымен бірігіп, оқу жаттығу жиынында осы чемпионатқа дайындалды, деді № 4 балалар жасөспірімдер спорт мектебінің кикбоксинг бөлімінің аға жаттықтырушы Мереке Рыспаев.


Айта кетейік, жүлделі оралған атыраулық қос спортшы - кикбоксингтен Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткерлер.