Атыраулық кикбоксер Ислам ынтымақтастығы ойындарының чемпионы атанды

Түркияның Кония қаласында 9-18 тамыз аралығында V Ислам ынтымақтастық ойындары өтуде, деп хабарлайды ATPress.kz.

Сүйінші хабарды Атырау облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі жеткізді.

Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі:

Ислам ынтымақтастығы ойындары - Ислам Конференциясы ұйымы елдерінің үздік спортшыларын қамтитын халықаралық спорттық іс-шара. Қазіргі уақытта он алты спорт түрінен 125 спортшымыз республикамыздың намысын қорғауда. Осы ретте атыраулық Н.Жұмабаев кикбоксингтен алтын медальге қол жеткізді. Ол 51 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

Нұрсұлтан ЖҰМАБАЕВ, чемпион:

- Кикбоксинг Ислам ойындарына алғаш рет қатыстырылып отыр. Жарыстың үшінші күні кикбоксингтен турнир басталды. Бұл жарысқа мен екі апта дайындалдым. Жеңіске жеткеніме қуаныштымын, деді Н.Жұмабаев.


Айта кетейік, Ислам ынтымақтастық ойындары осымен бесінші рет өткізіліп отыр.