22 Қазан, 2022 295

Атыраулық кәсіпкерлер Республика күніне орай түрлі жеңілдік акцияларын ұйымдастырды

 Атыраулық кәсіпкерлер Республика күніне орай түрлі жеңілдік акцияларын ұйымдастырды

Бұл туралы Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Елімізде 25 қазан - Республика күні тойланады. Осыған орай атыраулық кәсіпкерлер облыс тұрғындарына жеңілдік ұйымдастырды.

Атырау қаласы бойынша «ДИНА» СӨК» ЖШС базар аумағында барлық тауар сатушылар 10-15% жеңілдіктер және «2 тауар алсаңыз + 1 тауар тегін» акциясын ұйымдастырды.

Modical Kazakhstan жиһаз үйі барлық жиһаз өнімдеріне 2022 жылдың 17 – 31 қазан аралығында 10% жеңілдік, ал «АНВАР» ЖШС сауда орталығында азық-түлік тауарларына 2022 жылдың 31 қазанына дейін 10-15% жеңілдіктер болады.

Сонымен қатар, аталған акция аудандарда да қолдау тапты. Атап айтсақ, Мақат ауданындағы «Байдар» барлық ойын-сауық орталығы 50%, «Үміт» сауда орталығы 15% жеңілдіктер бар.  

Қызылқоға ауданында «Керуен» сауда орталығы, «Sweet food» кафесі, «Ақтолқын» азық-түлік дүкендерінде 15% жеңілдіктер ұйымдастырады.  

Исатай ауданында «Ақжан Арзан» сауда орталығы, «Бегайдар» мейрамханасы және «Каспий», «Айсұлтан», «Арна» азық-түлік дүкендерінде 10-15% жеңілдіктер болады.  

Махамбет ауданында «Уали» шағын маркеті аз қамтылған отбасыларға «Тегін нан» тарату және кондитерлік өнімдеріне 50%, «Ерасыл» сұлулық салонында барлық қызмет түрлеріне 50%, «Sullmart» отбасылық шағын маркетінде 10% жеңілдіктер болады.

 Жылыой ауданында «Kids klub kaysar» балалар ойын клубы, Құлсары қаласы Беркад орталық базарының үшінші қабатында орналасқан сауда орталығында 10-15% жеңілдіктер болады.  

Индер ауданында «Kinderland» балалар ойын-сауық орталығы көп балалы аналарға 20% «Тулеугалиева» ЖК қыз жасауы, құрақ көрпелеріне 15% және «Шапхатова» ЖК 15% жеңілдіктер болады.  

Құрманғазы ауданында «Береке» сауда үй мерекеге орай барлық тауарларына 10% жеңілдіктер ұйымдастырады.