"Атамекен" ҰКП Атырау облысы бойынша филиалының алаңында бизнес өкілдерімен кездесу барысында Агенттіктің превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжановтың жұмыс сапары аясында "ПК Полифасад" ЖШС директоры А.Бағыт әкімдік тарапынан қолдау көрсетудің жоқтығы
Мәселен, әкімдіктің өтініші бойынша 2020 жылы кәсіпкер өңірде баламасы жоқ кірпіш шығаратын зауыт салды. Алайда, бүгінгі күні әкімдік тарапынан қолдаудың жоқтығынан және зауыттан шығарылатын кірпіш өнімдеріне сұраныс жоқтығының салдарынан бизнес шығынға ұшырап, банкрот болу қаупі бар.
Осы мәселе бойынша Департаментпен биылғы 13 қыркүйекте облыс, қала әкімінің орынбасары, құрылыс басқармасының, Қалалық құрылыс бөлімінің басшылары, "Атамекен" ҰКП Атырау филиалының өкілдері, сондай-ақ кәсіпкер А.Бағыттың қатысуымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу қорытындысы бойынша зауыт шығаратын кәсіпкердің кірпішін пайдалану үшін салынып жатқан бір объектіні сынақтан өткізу туралы хаттамалық шешім қабылданды.
Бірлескен жұмыс нәтижесінде Атырау қаласында 600 орындық мектеп құрылысын жүргізетін "Бекболатовтар құрылыс компаниясы" ЖШС-мен шарт жасасқан "ПК Полифасад" ЖШС-не жан-жақты көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта кірпіш зауытының өнімдері осы құрылыс үшін пайдаланылады.
Осылайша, Антикор мен Атамекеннің бірлескен жұмысының арқасында 30 жұмыс орны пайда болды, тиісінше халықты жұмыспен қамту деңгейі артты, сондай-ақ кәсіпкердің өндірісі ұлғайды.