Атыраулық кәсіпкер антикордың көмегіне жүгінді

Атыраулық кәсіпкер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің көмегіне жүгінді, деп хабарлайды AtyrauPress.

Кәсіпкер Құрманғазы аудандық ауруханасына 1 022 450 теңгеге азық-түлік жеткізгені үшін ақшалай қаражат аударудан бас тартқан.

 "Департамент өз кезегінде ведомстволық бағынысты мекеменің іс-әрекеттерінің заңдылығын анықтау мақсатында облыстық денсаулық сақтау басқармасына сұраныс-хат жолдады. Нәтижесінді, өтініште баяндалған талаптар Антикордың араласуынан кейін толықтай шешілді" делінген  департаменттің хабарламасында.