Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Айтуларынша, тамақтан улануды тудыратын микробтардың ішіндегі ең қауіптісі - Clostridium botulinum (ары карай- ботулизм таяқшасы). Ол табиғатта кең таралған. Ботулизм таяқшасы топырақта болады, топырақ арқылы жеміс-жидекке, көкөніске, кей жағдайларда балықты ластайды. Ботулизм таяқшасы тек ауа жоқ жерде дамиды, сондықтан ботулизммен улану сапасыз консервілерді, қалың шұжықтарды, майлы ветчинаны, ірі балықты, яғни қалыңдығында ауа жоқ өнімдерді қолданумен байланысты. Үйде және өндіріс орындарында шыны банкаларда дайындалған көкөніс және жеміс консервілерінде кеңінен кездеседі. Егер мұндай консервілерді дайындаудың санитарлық ережелері бұзылса, оларға ботулинус таяқшалары топырақтан енуі мүмкін. Ботулинтоксиннің ауру қоздырғышы топырақта көпжылдар бойы, ұзақ сақталады, жазғы маусымда көбейіп, өсіп, суыққа оңайлықпен өлмейді.
"Күз айында біздің тұрғындар піскен көкөністерін жинап, жыл мезгілінің қыс айларына үйде консервіленген азық-түлік өнімдерін дайындайды. Үй консервілері адам денсаулығына аса қауіп төндіруі мүмкін, өйткені консервілерді дайындаудың технологиялық процессінің бұзылуы «Ботулизммен» аурудың себебі болады. Ботулизм таяқшаларын үйдегі консервілерге түспеу үшін бүлінбеген, құрғақ, жаңа піскен жемістерді, мұқият тазартылған және жақсы жуылған жемістерді пайдалану керек. Ботулизм таяқшасы азық-түлік өнімдерінде дамып, токсинді шығарады және өте қауіпті улану жағдайына әкеледі. Токсиндердің пайда болуы өнімді сақтаудың температуралық жағдайларына байланысты. Ботулизм таяқшасының өсуіне ең қолайлы температура 30-370С, ал 4-60C төмен температурада токсин мүлдем түзілмейді, 2%-тік сірке қышқылы бар маринадтар токсиндердің пайда болуынан қорғайды. Консервілерді қолданған кезде банка тұтастығына, тот пен қақпақтың ісінуіне (бомбаж) назар аудару керек" дейді мамандар.
Ботулизімнің алдын-алу шаралары:
1.Үй жағдайында консервілерді дайындар алдында көкөністерді ағынды сумен, содан кейін ыссы сумен, щеткамен немесе губкамен жақсылап жуу керек, өйткені микробтар консервілерге түседі, ботулизм таяқшалары оттегісіз ортада өмір сүретіндіктен, металл қақпақпен жабылған консервілерде токсин бөлінеді.
2.Көкөністерді табаққа салып бір рет жууып қоюға болмайды, дұрыс жууылмаған жағдайда көкөністердің сыртқы бүртіктерінде және сабағы шыққан ойықтарда ботулин таяқшалары қалып қоюы мүмкін.
- Консервіленген өнімді қолданар алдында бөлек ыдысқа салып,15-20 минут қайнатып, кейін суытып қолданған жөн. Қайта қайнату кезінде токсин бұзылады, бұл ботулизмнің алдын-алу болып табылады.
- Ал, балықтарды ыстау кезінде сырты ысытылып қапталады да ортасында, әсіресе қалың етті жерлеріне ауа бармайтын жағдай туындайды, бұл жағдайда қалың еттің ортасына ауа бармай ботулизм таяқшалары көбейіп токсин бөледі. Балықтарды да ыстау алдында сыртқы терісін жақсылап ағынды суда, щеткамен тазартып жуу қажет.
- Консервіленген өнімдердің сақталуын қадағалау, жылы, ыстық орындарда сақтамау; консервіленген өнімдерді пайдалану алдында қақпағы күмпиген (ісінген) бомбаж және «бұлыңғыр» түрдегі өнімдерді пайдаланбау.
"Адам ботулизм қоздырғышымен, токсинмен уланған тағам түрін пайдаланғанда ғана ауырады. Ботулизм қоздырғышы өте улы, егер адам ботулизм уымен зақымданған тамақты жұтпай-ақ аузына салса болды улануы әбден мүмкін. У тез адамның асқазаны мен ішегі арқылы қанға түсіп, сосын миды улайды. Ол ағзадағы анаэроб микробтарын одан әрі қоздырып, адамды әлсіретеді. Жұқтырылған тамақтың көбінесе түрі, иісі, дәмі өзгермейді, сол себептен анықтау қиын" дейді мамандар.
Ботулизм ауруларының негізгі белгілері: адам әлсірейді, құсады, іші өтіп лоқсиды және дене қызуы 35 градус болады, ал егер ауру шамадан тыс асқынған кезде адамның тілі күрметіліп, көруі, жұтынуы нашарлайды, ауыр демалады, мұның соңы өлімге әкеліп соғуы мүмкін. Ботулизмнің алғашқы белгілері білінгеннен бастап шұғыл арада медициналық көмек алуыңыз қажет. Алайда, өкінішке орай бүгінгі таңда үй жағдайында дайындалған консервіленген өнімдер рұқсат етілмеген жерлерде, қала көшелерінде, сауда орталықтарының төңірегінде рұқсатсыз сатылатын фактілер орын алуда. Сондықтан заңсыз сауда орындарында үй жағдайында дайындалған консервіленген өнімдер, балықтарды сатып алу қауіпті.