Атырауда энергетика саласының дамуына үлес қосқан қызметкерлер марапатталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
- Бүгін - жылу және электр энергиясын өндіру, электр тарату және тұтынушыларға жеткізуді қамтитын барлық қызметкердің салтанатты күні. Энергетика - ел экономикасының маңызды саласы. Біздің алдымызда электр стансасының өндірістік қуаттарын кеңейту, электр жүйелерін жаңғырту бойынша ортақ міндет тұр. Осы жолда баршаңыздың тәжірибеңіз бен кәсібилігіңіз, еңбекке деген құштарлықтарыңыз қажет. Энергетика саласын дамытуға қосқан үлестеріңіз үшін тағы да алғысымды білдіремін,-деді Қ.Нұртаев.
Алқалы жиынның ресми бөлігінде «Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медалімен «Атырау облысы Су Арнасы» КМК Энергетика қызметінің инженер-энергетигі Людмила Чеснакова, «Атырау жылу электр орталығы» АҚ станция ауысым басшысы Александр Губанищев, «Атырау-Жарық» АҚ Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Дүйсен Ержанов, «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» «Kegoс» АҚ «Батыс ЖЭТ» филиалының жетекші маман-қызметкерлермен жұмыс жөніндегі топтың басшысы Айгүл Сапарова марапатталды.
«Еңбек сіңірген энергетик» төсбелгісіне облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының орынбасары Асан Нұргалиев, «Атырау жылу электр орталығы» АҚ Өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы Самат Жұмаханов, «Атырау жылу электр орталығы» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі тете-президенті Гүлнафис Омарова, «Karabatan Utility Solutions» ЖШС пайдаланудың басқарушы директоры Нұржан Қожахметов, «Karabatan Utility Solutions» ЖШС электрмен жабдықтау цехының басшысы Хамит Аманғалиев, «Karabatan Utility Solutions» ЖШС-бас энергетигі Руслан Каликов, «Karabatan Utility Solutions» ЖШС жетекші инженер технологы Александр Каратуманов, «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» «Kegoс» АҚ «Батыс ЖЭТ» филиалы Сынау және диагностикалау қызметінің басшысы Александр Дмитриев ие болды.
«Құрметті энергетик» төс белгісі «Атырау жылу электр орталығы» АҚ Құқық және кадрлық сұрақтары жөніндегі тете-президенті Алевтина Канцеваға, «Атырау жылу электр орталығы» АҚ өндірістік-техникалық бөлімі басшысының орынбасары Нұрлан Айталиевке, «Атырау облысы СуАрнасы» КМК директордың өндіріс мәселелері жөніндегі орынбасары Асылбек Сакказовқа, облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы отын-энергетика кешені және тұрғын үй-коммуналдық сала бөлімінің бас маманы Ләззат Дүйсебаеваға, «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» «Kegoс» АҚ «Батыс ЖЭТ» филиалы Атырау АЭТ 220 кВ «Индер» ҚС басшысы Қайрат Қабиевке берілді.
Сондай-ақ, ҚР Энергетика министрінің «Құрмет грамотасымен» «Атырау жылу электр орталығы» АҚ сату және тарату қызметінің №4 учаскесінің тұрмыстық тұтынушылармен жұмыс істеуші тобының аға тексерушісі Лидия Самсонова, «Атырау жылу электр орталығы» АҚ химиялық цехының суды химиялық тазалаудың ІІІ топтағы аппаратшысы Ләззат Төлемісова, облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының орынбасары Серікқали Қанапин, облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту бөлімінің басшысы Динара Қуанышева, Исатай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Айдарбек Зиноллаев, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің көлік, энергетика және байланыс секторының меңгерушісі Нұрбек Монтаев марапатталды.