18-19 шілде күндері Тайланд елінің астанасы Бангкок қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтті.
Құрлық додасында 16 елден 174 спортшы бақ сынады.
57 келі салмақта атыраулық спортшы Дана Абдирова 13 спортшының арасынан екінші орынға ие болды.
Дана іріктеу кезеңдерінде тағы бір қазақстандық спортшы Мұханбет Динадан басым түсті. Жартылай финалда моңғол балуаны Ганбат Мунхтуяны ұтты. Ақтық сында Үндістан өкілі Линтой Чанамбамнан ұтылды.
Айта керу керек, Дана биыл сәуір айында Ташкент қаласында өткен Азия Кубогінің иегері атанған болатын.