Дзюдодан Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қолкға ие болды.
Дзюдодан Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Grand Slam турнирінде атыраулық Абиба Әбужақынова қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Абиба өз тобында жеңімпаз атанып, жартылай финалға жолдама алды. Топтық белдесулерде Түрікменстан, Израиль және Оңтүстік Африка Республикасының спортшыларын жеңді. Жартылай финалда атыраулық дзюдошы моңғолиялық Наранцецег Ганбаатардан ұтылып, қолаға күресу мүмкіндігін алды. Ал кіші финалда Еуропа чемпионатының жүлдегері, IJF туының астында өнер көрсететін ресейлік Сабина Гилязованы жеңді. Жеке бапкері Мержан Есмағамбетовтің айтуынша, бұл жарыста Олимпиада ойындарына ұпай алады. Тиісті ұпайды жинаса Олимпиадаға жолдама алуға мүмкіндігі зор. Айта кету керек, Абибаның бұл жүлдесі әлемдік Grand Slam турнирінде қазақстандық қыздардың жеңіп алған алғашқы жүлдесі. Абиба Әбужақынова Азия чемпионатына дайындалуда.