Атыраулық жүргізушілер бір-бірін сыйламайды...

Жыл басталғалы көлігіне ксенон, лэд жарық шамдарын орнатқан жүзге жуық жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Қала аумағында жолда жүру ережесін бұзушылар арасында аса көніл бөлінетіні ол алдыңғы жарық беру аспаптарына ксенон, лэд қондырған автокөліктер. Себебі, осындай жарық шамдарын қондырған көлік жүргізушілері жолдың қарсы бағытында қозғалыста жүретін жүргізушілердің көздеріне шағылысып, жол қозғалысы қауіпсіздігіне кері әсерін тигізіп, көптеген наразылық тудыратын мәселе болып саналады.

 Айта кетейік, жыл басынан бері сыртқы жарық беру аспаптар деректері көлік құралының конструкция талаптарына сәйкес келмейтін яғни, ксенон, лэд жарық шамдарын қондырған 100 жүргізуші анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590 бабының 5 бөлімімен (Осы баптың алтыншы бөлiгiнде көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулары мен жағдайлар бар көлiк құралдарын басқару) әкімшілік хаттама жасақталып, жауапқа тартылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар, патрульдік полиция қызметкерлерінің қатаң бақылауында.

Фото: ашық дереккөз