Атыраулық белсенді облыс халқын референдумға шақырып, желіде бейнеүндеу жариялады, деп хабарлайды ATPress.kz.
«Аналарға көмек қолдау» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сандуғаш Кукенова желідегі парақшасында жазба қалдырды. Онда белсенді ана атыраулықтарды жақында өтетін саяси науқанға белсенділік танытуға үндеді.
«Қаңтарда халық алаңға тектен-тек шыққан жоқ. Халықтың жанайқайы билікке жетті. Сол себепті 5 маусым күні барлық қазақстандықтарды референдумға шақырамын. Қапы қалмаңыздар. Ұйықтап қалмаңыздар. Сол күні жаңа Қазақстанды бірге құруға шақырамын. Болашағымыз - өз қолымызда» деді ол бейнежазбасында.