Жайықтың мұзына ойылып кеткен тұрғын әлі табылмай жатыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Облыстық төтенше жағдай департаменті жедел-құтқару жасағы тура бір апта бойы мұз астына түсіп кеткен 1975 жылы туған азаматтың денесін іздеу жұмыстарын жүргізуде.
Еске сала кетсек, 5 қаңтар күні сағат 11:14-те Атырау қаласына қарасты Жұмыскер ауылы маңында Жайық өзенінде екі адам мұз астына түсіп кеткен болатын. Жедел-құтқару жасағы мен Балық қорына қылмыстық қолсұғушылыққа қарсы іс-қимыл бөлімімен 1974 жылы туған азаматты құтқарылып, облыстық ауруханаға жеткізілген болатын.
"Бүгінге дейін сүңгуірлер суға 36 рет (4-8 метр тереңдікке) сүңгіп, 500 шаршы метрден астам аумақты аралады. Су астынан бөгде заттардың көптеп кездесуі, судың лай болуы қиындық тудыруда" дейді облыстық төтеншелік мамандар.