Атыраулық әйел жігітіне өкпелеп, бөтеннің пәтерін өртеп жіберді

Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Атырау қаласының 28 жасар тұрғыны «Нұрсая» шағынауданындағы өзгенің пәтерін өртеп жіберді. Ер кісі әйелмен жалдамалы пәтерде бір түн өткізіп, кейінірек ұнамай қалғанын және онымен некелеспейтінін айтқан. Күйеу жігіттен көңілі қалған келіншек еркек жалдаған пәтерді өртеп жіберген. Қылмыстық іс қозғалды. Еркек пен әйел деструктивті діни ағымды ұстанушылар екені анықталды.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ер адамның әйелге Оралдан келгенін нақтылады. Іс сотқа жіберілді.

Еске салайық, дәстүрлі исламда никах (неке қию) тек мешітте және тек неке қию туралы куәлігі бар болса ғана жүзеге асырылады.