Атыраулық Эсимгуль Куюлова Азия чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды ATPress.kz.
20-21 шілде күндері Тайланд елінің астанасы Бангкок қаласында дзюдодан жастар арасында Азия чемпионаты өтті.
15 елден 163 спортшы бақ сынаған құрлық додасында 63 келі салмақта атыраулық спортшы Эсимгуль Куюлова ел намысын қорғап,15 спортшының арасынан үздік шықты. Мейіржан Есмағамбетов баптайтын жерлесіміз іріктеу кезеңінде тайландтық спортшы Бунанек Мантирадан басым түсті. Жартылай финалда үндістандық балуан Эсмигулиндшарма Уннатиді қапы қалдырған атыраулық палуан ақтық сында Қырғызстан өкілі Исаева Ажарды жеңіп, алтыннан алқа тағынды.
Айта кетейік, Эсмигул - Атырау тарихында жастар арасында Азия чемпионы атанған алғашқы ару. Сондай-ақ ол биыл Азия және Еуропа Кубогтерінің иегері атанған болатын.